«Астана мейірімді жандар клубы» онкологиялық науқас баланы Тиматимен кездестірді
10:58, 11 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желі пайдаланушыларының көмегінің арқасында онкологиялық аурудан емделіп жатқан Олег Қосманбетов ресейлік репер Тиматимен кездесті. «Мейірімді жандар, онкологиядан Олег естеріңізде ме? Оған Тиматидің концертіне билет сыйға тартылды.
Бойжеткен оған концертке жомарт жандардардың бірі билет алып беруін өтінген. Ал маған сахнада Тимати Олегке дертінен жылдам айығып кетуін тілесе деген ой келді. Бірақ бәрі одан да жақсы болды. Олег өзінің сүйікті әншісімен кездесті. Қатты қуаныштымын... шараға қатысқандардың барлығына рахмет! Мейірімді жандар - сіздерге алғыс! Біріксек үлкен күш боламыз!» - деп хабарлады Инстаграмдағы аккаунтта @club_dobryakov_astany.
Бұдан бұрын мейірімді жандар клубының хабарламасында Астанаға емделуге келуі тиіс Олег жайлы айтылған. Оған мейірімді жандардың бірі оны күтіп алып, Ана мен бала орталығына апару көмегі қажет болған. Аккаунтқа жазылушылардың ішінен оған көмек қолын созатын жандар табылды.