Еске сала кетейік, ойын бүгін, Астана уақытымен 20:00-де басталады, оны отандық телеарна тікелей эфирден көрсетеді.
«Астана Арена» стадионына 30 000 адам сыяды. Қазірге дейін 21 мыңнан астам билет сатылып үлгерген.
Ойынға Румыниядан келген қазылар төрелік етеді. Бас төреші - Раду Петреску, қапталдағы төрешілер - Раду Гингуляк пен Мирча Григориу, төртінші рефери - Марцел Бирсан.