Астана моделі Италиядағы байқауда бірінші орын алды

None
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Астанадағы OK-models модельдік агенттігінен Екатерина Захарчук FiestaloniaFASHION халықаралық сән байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Байқау маусымның 16-нан 23-не дейін Италиядағы Адриат жағалауында өтті.

 Байқауға қатысқан модельдер Denny Rose және Miss Bikini-дің жаңа маусымдық топтамаларын көрсетті. Көрсетулер жағалаудың элиталық клубтарында ұйымдастырылды.

Оған Италиядағы «сән өмірін» жариялайтын көптеген танымал журналистер, сондай-ақ танымал сән үйлерінің итальяндық скауттары шақырылды.

Байқаудың әрбір қатысушысы COSMOPOLITAN-Италия ресми фотографынан жеке бугын, топтамаларды көрсетуге ресми қатысқанын растайтын сертификаттарды, Fiestalonia International дипломдарын, сондай-ақ мемлекеттік бланктердегі алғыс хаттарын алды.

Бірнеше модельдің агенттердің назарларына іліккенін атап өту керек, бұл оларға болашақта танымал итальяндық сән үйлерімен жұмыс келісім-шартарын жасауға мүмкіндік береді.

Жаңадан бастап келе жатқан модельдердің келесі байқауы Италияда 2013 жылдың 15-22 маусым күндері өтеді.