Astana Motors көшбасшысы Ардавичус Испаниядағы жарыста жеңіске жетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Motors командасының көшбасшысы Артур Ардавичус Испаниядағы FIA әлем кубогының 6-ші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

А.Ардавичус жүк көліктері санатында абсолютті чемпион атанды, оның экипажы жарыстың үш күнінде де мәре сызығын бірінші кесті. «Баха Испания Арагон» жарысы 18-20 шілде аралығында өткен болатын.

«Баха Испания Арагон» жарысы тарихында алғаш рет Қазақстан командасы жеңіске жетіп отыр. Бұл жеңіс біздерге оңай келген жоқ. Жарыс қашықтығының қысқа болғандығына қарамастан бағдар өте ауыр тиді. Дегенмен біз елімізді лайықты деңгейде паш етіп, Қазақстанға жеңіс сыйлағанымызға қуаныштымыз», - деді «Астана» президенттік кәсіби клубының өкілі Артур Ардавичус.

Ендігі уақытта Astana Motorsports командасы Әлем кубогының келесі кезеңіне дайындықты бастамақ.