Бұл туралы бүгін Астанада өткен он-лайн конференция барысында ҚР Үкімет басшысының орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасының Оңтүстік Кореяға сапары барысында екі меморандумға қол қойылғанына тоқталған министр, атап айтқанда «Агромашхолдинг», «Аллюр Авто» және «Ssang Young» компаниялары машина жинау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатқандықтарын жеткізді.
«Astana-motors» және «Hyundai-motors» коммерциялық жүк техникасын жинақтау жұмыстарын жолға қоюға ниетті. Мұндай жобалар іс барысында бар және алдағы уақытта бола бермек. Алайда, олар Индустрияландыру картасы мен машина құрылысы бағдарламасында әзірге жоқ. Сондықтан нақты фактілер туралы әзірге айтылмайды»,-деді Ә. Исекешев.
«Әрине, ұсыныстар көп жасалады. Бірақ Индустрияландыру картасы мен машина құрылысы бағдарламасына енген жобалар айтарлықтай сапалы болады»,-деді министр.