Бұл туралы sports.kz. хабарлайды.
Алғашқы кезеңнің ұзындығы онша көп емес - 2 шақырым, дегенмен жарыстың алғашқы күніндегі бастапқы кезеңдегі автомобильдердің ыңғайлы орналасуының да мәні зор, деп хабарлады Astana Motorports баспасөз қызметі.
Сөйтіп, бүгін MINI All4 Racing автомобилінде құрамында Айдын Рахымбаев пен штурман Антон Николаев бар экипаж жарыс жолына екінші болып шығады, ал Бауыржан Исабаев пен штурман Владимир Демьяненко Toyota Hilux автомобилінде сегізінші болмақ.
Қатысушыларды алдын ала брифингіге шақырып, ұйымдастырушылар жарыс тәртібімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін стюардтармен, құтқарушылармен және еріктілермен таныстырды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар экологиялық тәртіпті сақтауды да ескертті - жол бойынша пайдаланылған шиналар мен қосалқы бөлшектер сияқты қоқыстар тастап кеткендерге айыппұл салынбақ. Сондай-ақ шабандоздарды жергілікті салттарды құрметтеуге үндеді. Жарыс жолында көптеген түйе фермалары бар, сондықтан да жайылымда жүрген «шөл кемелері» жолды кесіп өтер болса, абай болуға шақырды.
Бүгін ралли шабандоздары Abu Dhabi Desert Challenge жарысының 408 шақырымдық бірінші кезеңін жүріп өтпек.