Осы кезеңде жеңіл көліктегі экипаж құрамындағы Денис Березовский мен штурман Алексей Никижев өз санаттарында үшінші орынды иеленді.
Жүк көлігімен жүйіткігендер арасында Артур Ардавичус, штурман Алексей Никижев пен механик Майкл Хьюсман аталған кезеңде мәре сызығын 19-шы болып қиып өтті.
Еске сала кетейік, «Дакардың» үшінші кезеңі Аргентина аумағы бойынша өтеді. Қатысушылар 800 шақырымға жуық қашықтықты еңсерді. Бастапқыда, өзен ағып жатқан және тасты жерлердегі қозғалыс экипаж мүшелерінің ерекше шеберлігін талап етті.
«Астана» Президенттік клубының өкілі Денис Березовский жолда кездескен кедергілерді еңсеру қиындық туындатқанын, дегенмен де, экипаж мүшелері машинаны сақтап қалуға қауқарлы болғанын атап өтті.
Артур Ардавичустің басшылығымен қатысап жатқан жүк көлігі экипажына бүгінгі кезең оңай болған жоқ, себебі оған көліктің кейбір бөлшектерінің тиісті деңгейде үйлестірілмеуі әсер өтті. Машинаның амортизаторлары жылдам жүретін және қатты жолға есептеліп реттелген екен. Ал іс жүзінде тасты учаскелер көліктің жылдам қозғалысына мүмкіндік бермеді. Экипаж бұл кезеңді 19-шы болып аяқтап, жүк көліктерінің жалпы есебінде 17-шы орынды алды.
Бүгін «Дакар» экстремалдық ралли-марафонының төртінші кезеңі Сан-Сальвадор-де-Жужуйдан (Аргентина) Туписуға (Боливия) қарай жерден өтеді. Бұл жолдың жалпы қашықтығы 521 шақырымды құрайды.