Астана: «Наурыз мейрамы» аясындағы 19 наурызда өтетін шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлыстың Ұлы күні - Әз-Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар басталды. ҚазАқпарат бүгін, 19 наурыз күні өтетін мәдени шаралар кестесін ұсынады.

19 наурыз

10:00 - Бұқаралық шара
Интернациональный елдімекені

11:00 - Е.Шварц «Қызыл телпек» (ертегі)
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

12:00 - С.Қасымбек «Наурыз ару» (ертегі)
«Жастар» театры

12:00, 14:00 - А.Салаева «Армысың, әз-Наурыз!»
Астана қаласының қуыршақтар театры

16:00 - «Жыртқыштар империясы» бағдарламасы
Астаналық цирк

18:00 - Н.Гоголь «Мұнда бәріміз де өзіміз», «Ревизор» пьесасы бойынша импровизация
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

18:00 - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Стамғазиевтің «Айттым сәлем, сағынып!» концерті
Конгресс-холл

19:00 - «Армысың, Әз Наурыз!» байқауының гала концерті
«Қобыз» сарайы