Мерекелік кеште мектеп жасындағы балғындар концерттік қойылым барысында бірі өлең айтып, екіншісі би билесе, үшіншісі нақышына келтіре өлеңдер оқыды. Кейін өздері жасап шығарған қолданбалы өнер туындылары мен сыйлықтарын сыйға тартып, қарттарға қошемет көрсетті.
Жалпыұлттық «Бірлігіміз жарасқан» шарасы аясында ұйымдастырылған игі бастаманы Қарттар күніне орай Қазақстан студенттерінің альянсы және Мемлекеттік қызмет мектебінің белсенділері көтерген болатын.
«Біздің бүгінгі кездесуіміз мектеп оқушыларын қария кісілерді сыйлауға және қастерлеуге, оларға қамқорлықпен және махаббатпен қарауға үйретеді», - дейді Қазақстан студенттерінің альянсы көшбасшысының орынбасары Рафхат Бозбалиев.