АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалғанын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов „Астана“ өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — деп жазды ресми сайттан.
Айта кетейік, бұған дейін моңғолиялық қандасымыз Баян-Өлгий аймағының әкімі қызметіне бекітілгенін жазғанбыз.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.