«Астана Опера» әртістеріне белгілі дизайнер киім тікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі дизайнер Михаил Кравец «Астана Опера» театрының солистеріне киімдер топтамасын әзірледі, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Дизайнер жакеттер, фрактар, театрланған сәнді киімдер, театр үшін эксклюзивті шымылдық тікті.

Жақында ол тағы бір жобаны қолға алып, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен хор әртістеріне концерттік киімдер, және көрерменге қызмет көрсету департаментіне киім үлгілерін әзірледі, делінген хабарламада.

«XXI ғасырдың осындай алып опера және балет театры үшін өнім әзірлеу - екі күннің бірінде туа бермейтін үлкен мүмкіндік. Әртістердің жағымды және жағымсыз пікірлерін естіп, үлгілерді талқылаудан бастап, мата таңдау және киімді дайындауға дейін орасан зор жұмыс атқарылды»,- дейді Михаил Кравец