«Астана Опера» қазақстандықтарды театрмен дос болуға шақырды
«Бұл - өте қажет жоба. «Достар клубы» көрермендерді театрдың көпқырлы қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып, оны одан әрі дамытып театрға жаңа көрермендерді тартатынына сенімдімін. Клуб қатысушыларын көптеген қызықты кездесулер, жаңалықтар мен бастамалар күтеді, өйткені «Астана Опера» талғампаз көрерменге эксклюзивті руһани дүние сыйлайды. Жобаға ұзақ өмір тілеймін, театр мен оның труппасы дамып, гүлдене берсін, көрермендерге керемет қойылымдар сыйласын», - деп түйіндеді Дәурен Абаев.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «Достар клубына» барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, оның ішінде шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар қабылданатынын түсіндірді.
Клубқа мүшелік - бұл «Астана Операның» қызметіне, Астана мен елдің мәдени игілігін сақтауға және көбейтуге қосқан жеке үлесі.
Театрдың достар клубына мүшелікті бүкіл театр маусымына қолданылатын арнайы пластикалық картамен растауға болады.
Екінші санатқа - «құрметті дос» кіреді, оған 50 карта қарастырылған.
Сонымен қатар, тағы 2 санат бар: «серіктес» және «демеуші», оған ұйымдар мен коммерциялық компаниялар кіреді.