«Астана Опера» мен «Ла Скала» футболдан жолдастық кездесу өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең «Астана Опера» мен «Ла Скала» театрларының өкілдері арасында футболдан жолдастық кездесу өтеді.

«Дәстүр бойынша итальяндық театр әр гастрольдік сапар барысында футболдан жолдастық матч өткізетінін айта кеткен жөн», - деп хабарлады «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметі.

Әр команданың құрамында 15 адамнан болады. Олар театрдың техникалық, шығармашылық сияқты әртүрлі департаментінен құралады.