Дінмұхамед Көшкінбаев – ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының түлегі, Бибігүл Төлегенова байқауының бас жүлде иегері, Ева Мартон танымал халықаралық вокалистер байқауының (Венгрия) финалисі. ⠀
Қараша айында әншінің жеңістер қазынасы тағы бір мәртебелі марапатпен толықты: орындаушы «Opera Crown Tbilisi» халықаралық вокалдық байқауында үшінші орынды иеленіп, арнайы жүлдесін алды. ⠀
«Большая опера» – «Культура» телеарнасының танымал жобасы, оның тұсаукесері 2011 жылы өткен болатын. Оған шоу мен академиялық концерт элементтері біріктірілгендіктен, оның барлық маусымы көрермендердің зор қызығушылығын туғызған.