Шараның мақсаты - БАҚ арқылы халықты театр өнерінен барынша хабардар ету, деп хабарланған «Астана Опер а » театрының сайтында.
Ұйымдастырушылар конкурсқа опера және балет өнеріне қызығушылық танытатын барлық журналистерді қатысуға шақырады. Конкурсқа үш санаттағы материалдар, яғни телевизиялық сюжет, мақала, ғаламторда жарық көрген мақала/фоторепортаж қатыса алады. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі туындылар 2014 жылдың 15 маусымы мен 10 желтоқсаны аралығында қабылданады. Байқау қорытындысы 2014 жылдың желтоқсан айында шығарылады. Үздік шығармалар «Астана Опера» театрының сайтында жарияланады. ҚР Тәуелсіздігі күніне орай өткізілетін жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде әр санат бойынша үздік шыққандар бағалы сыйлықтарға ие болмақ.
Байқауға қатысатын шығарманы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 1 мекенжайына немесе astanaopera@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек. Конкурс ережесімен www.astanaopera.kz сайтында танысуға болады, дейді театр әкімшілігі.