П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында И.П.Пашинская мен А.З.Бондурянский сияқты профессорлардың класынан білім алған дарынды жас орындаушылар 2013 жылы A-DUO (итальянша - «екеуара ойнау») ансамблін құрған. Бүгінде Айдана Қарашева - өзіндік стилі бар музыкант, ал Юрий Таштамиров 10 үрмелі аспапты игерген. Ол өте сирек кездесетін аспап, XVIII ғасырдың аяғындағы кларнеттің бір түрі - бассетгорнда ойнайды. Қазіргі уақытта әртістер жиі концерттер қоюда.
Дуэт, шынымен де, ерекше - жас музыканттардың шығармашылық одағы отбасылық одаққа айналған. Енді көрермен аспапшылар орындайтын музыкалық жауһарлармен бірге, сүйген жүректердің әуенін де тамашалай алады.
Бұл - орындаушылардың «Астана Опера» сахнасындағы дебюті, сондықтан кеш бағдарламасына олар үлкен жауапкершілікпен дайындалуда. Оған: И.Бах, Э. Вилла-Лобос, М.Равель, К.Гильман, К.Глюк, Е.Үсенов және басқалардың шығармалары енді.