Театр баспасөз қызметінің хабарлауынша, концертке «Астана Опера» театрының солистері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанат Шыбықпаев, Айгүл Ниязова, Сүндет Байғожин, Дина Хамзина, Гүлзат Дәуірбаева, Жамиля Жарқымбаева, Маргарита Дворецкая және атақты баритон Азамат Жылтыркөзов, ҚР еңбек сіңірген әртістері: Жанат Бақтай, Ғалия Байғазинова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Елена Ганжа қатысады.
Кеш барысында көрермен назарына қазақтың, орыстың, испандық халық әндері, француздық шансон, М. Дунаевскийдің, И. Штраустың, Ж. Оффенбахтың опереттасынан үзінділер ұсынылады.