17 маусым күні қазақстандық жұп «Үлкендегі балет жазы» фестивалінің гала концертіне қатысады.
Әртістер белорустық көрермен назарына атақты шебер Б. Эйфманның қойылымындағы әйгілі «Роден» балетінен және Дж. Уильямстың музыкасына қойылған «Жоғалған жұмақ» миниатюрасынан үзінді ұсынады. Хореограф К. Зверева бұл номерлерді аталған солисттермен арнайы дайындады.
- Мен Беларусь сахнасына шығатыныма қуаныштымын. Сонымен қатар, әлемнің барлық театры қоя бермейтін сирек орындалатын бағдарлама ұсынатынымыз да қуанышқа бөлейді. Дайындаған нөмерлеріміз мұнда алғаш рет орындалмақ. Бүгінде «Астана Опера» театрының репертуарында әлемдік балет классиктерінің туындыларынан бөлек, қазіргі заманғы хореографияның көптеген жарқын үлгілері қалыптасып келе жатқандықтан, осындай мүмкіндікке ие болдық, - деп солист Гауһар Усина.
09:07, 11 Маусым 2016
«Астана Опера» театрының әрітстері Беларусь елінің Үлкен театрында өнер көрсетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Опера» театрының жетекші солисі Гауһар Усина мен балет әртісі Жәнібек Иманқұлов Беларусь Республикасының Үлкен театрында өнер көрсетпек, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.