Ол «Астана Операға» алғаш рет өткен жылдың қазанында әлемдік тұсаукесер барысында келіп, солистерді «Аттила» операсына дайындаған еді. Ол кезде Марко Боэми опералық труппаның санаулы орындаушысымен жұмыс жүргізген. «Бұл жолы жұмыс анағұрлым қарқынды болды, оның үстіне хор әртістері мен солистерінің техникалық деңгейі қызығарлық. Олардың басым бөлігінің дауысы тамаша, алайда оларға не туралы айтып тұрғаны жайлы нақты білім жетіспейді, бұл орындау нақышы мен айтылу мәнеріне қатысты»,-делінген театр мәліметінде.
Марко Боэми ең танымал опера жұлдыздары: Лучано Паваротти, Чиарелли, Елдар Әбдіразақов, Бурчуладзе, Бурдино, Елена Образцова және басқаларымен жұмыс жүргізген. Ол «Аттила» қойылымына дайындық барысында «Астана Опера» командасының адам айтқысыз іс тындырғанын және сол кезде өзі ерекше рақатқа бөленгенін есіне алуда. «90% жас орындаушылардан тұратын оркестрдің жұмысқа асқан құлшыныс, құштарлық танытуы таң қалдыратын тамаша үйлесім. Кейбір күндері біз олармен 10 сағат бойы жұмыс жүргіздік, Италияда бұлай болуы мүмкін емес. Ал мұндағы орындаушылар уақыттың өткеніне алаңдамай, бақытты болды... Бұл театрдың және оның ұжымының болашақта өрге жүзуге мүмкіндігі керемет екенін түсіндім», - дейді Марко Боэми.
Қарқынды шеберлік сабағынан кейін Марко Боэми операның жетекші солистері: Жұпар Ғабдуллина, Әлфия Кәрімова, Дина Хамзинаның дарынына, сондай-ақ жетекші солистер Медет Шотабаев пен Талғат Мұсабаевқа жоғары баға берді.