Концерт 15 сәуірде Үлкен залда әлемнің үздік гобойшыларының бірі Джанфранко Бортолатоның қатысуымен (Италия) өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
Кеш бағдарламасын Миландағы Ла Скала, Турин Корольдік театры және Рим операсы театрларының бірінші гобойшысы Джанфранко Бортолато ашады. Ол оркестрдің сүйемелдеуімен Р. Штраустың гобойға арналған концертін орындайды.
Екінші бөлімде тыңдарманға Г. Берлиоздың ең танымал шығармаларының бірі - жарқыраған, жаңашыл Ғажайып симфониясы ұсынылады.
Маэстро Абзал Мұхитдинов осыншалықты жарқын көріністер мен бейнелерді оркестрдің көмегімен жеткізуге болатынына осы, мәні жағынан театрландырылған, ғажап симфонияны мысал ретінде келтіруге болатынын атап өтті.
- Бұл музыка адам қиялын шарықтатады, көпшілік үшін ол нағыз жаңалық болмақшы. Шығарма әдеттегіден тыс нұсқада орындалады, -деп қосты Абзал Мұхитдинов.