Спектакль толық нұсқасында Ресейдің Мариинский театрында ғана қойылады. Елорда сахнасында тек екі күн - 3 және 4 қазанда Рихард Вагнердің «Нибелунг сақинасы» тетралогиясының «Рейн алтыны» мен «Валькирия» атты екі бөлігі ұсынылады. Театрдың әйгілі спектакльдерінің біріне айналған тетралогияның эпостық ауқымы көнелігімен бірегей және оның жер бетінде баламасы жоқ. Қойылымның тұжырымдамасының автор - Валерий Гергиев, Георгий Цыпин. «Рейн алтыны» және «Валькирия» операларының режиссері - Юлия Певзнер. Дирижерлық тізгінде жарқырайтын көрнекті маэстро - Валерий Гергиев. Валерий Гергиев Мариинский театрын басқарған жылдары бірқатар тұщымды жобаларды жүзеге асырды. Әсіресе, Вагнер операларын қою көп күш-жігерді қажет ететін, соның нәтижесінде Мариинский театры «Вагнер үйі» деп аталып кеткен болатын. Көркем, декорациясы бай қызықты ертегі-тәмсіл Вотанның отбасы, нибелунгтер және алыптар жайлы баяндайды. Қойылымды әлемнің Еуропа, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония сынды елдері жоғары бағалады. Билет бағасы 500-ден 12 000 теңгеге дейін, деп хабарлайды astana.kz.
17:56, 13 Қыркүйек 2014
«Астана Операда» Мариинский театры «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын сахналайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға тұңғыш рет Мариинский театры спектаклімен келеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Рихард Вагнердің ерекше туындысы «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын тамашалаудың мүмкіндігі туды.