Бұл туралы концерттің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова мәлім етті.
"Бүгінгі концертте қазақ xалқының аса терең мағыналы әндері орындалды. Кеше ғана сұмдық апаттан енді ғана ес жиып келеміз. Біздің ұжым бүгінгі концерттен түскен қаражатты түгел кешегі жарылыс салдарынан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде жіберуге шешім қабылдады", - деді Г.Құттыбадамова.
Айта кетейік, концертте қазақ xалық әндері, Құрманғазы, Ақан Сері, Біржан сал, Естай, Абай, С.Сейфуллин, т.б. сазгерлердің xалық сүйе тыңдайтын әндері xормен орындалды.