«Астана Операның» жетекші солисі Италияда «Дон Жуан» қойылымының тұсаукесерінде ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Операның» жетекші солисті Әлфия Кәрімова Италияда В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсының тұсаукесерінде ойнайды. Колоратуралық сопрано иесі 31 қаңтар, 2, 6 ақпан күндері «Карло Феличе» театры сахнасында Донна Анна партиясын алғаш орындамақ, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта әнші Италияда өзінің жұмысына кірісті. Театрдың жетекші солисті бұл рольге үлкен жауапкершілікпен қарайды, себебі оны алғаш рет орындайды және ол - әдемі, драмалық күрделі арияларға және нәзік те сазды бірқатар ансамбльдік көріністерге толы. Әрбір жаңа сахналық бейне әрқашан хикаяларға, күтпеген оқиғаларға, мейрамдарға толы, сондықтан қажымас еңбекті талап етеді, деп атап өтті Әлфия Кәрімова.
- Вокалист маманы үшін дайын ешнәрсе жоқ: жетекші партияларды орындау уақытты, үздіксіз жаттығуларды талап етеді, әйтпесе әрі қарай даму мүмкін емес. Моцартты шырқау өте күрделі, мұнда дауыстың ырғақтала төгілуі, аспаптарға ілесе алуы, екпінді игеру, вокал позициясын дәл қою және жүз пайыз дауысты игере алу сияқты шеберлік қажет, - деп бөлісті әнші.
Дон Жуан - сәнқой бардың жұлдызы, сондықтан ол айналасындағы әрбір әйелдің жүрегін жаулауға тырысады. Әлфия Кәрімованың кейіпкері Донна Анна - әйелқұмар Дон Жуанды еліктірген талғампаз бикеш. Қойылымдағы көптеген қызықты идеяларға, таңғаларлықтай тапқыр идеялар мен әсерлі шешімдерге қарап, операның жеке көзқарасты білдіретін нұсқа екенін түсіну қиын емес.
Дон Жуан партиясын Микеле Патти орындайды, Лепорелло - Лучано Леони, Командор - Грэм Бродбент, Дон Оттавио - Патрик Вогель, Донна Эльвира - Раффаэлла Лупиначчи, Церлина - Лилиа Гамберини, Мазетто - Роберто Майетта. 31 қаңтарда - маэстро Кристоф Поппен, 2 және 6 ақпанда Пабл Ассанте дирижерлік етеді.