Жұпар Ғабдуллина мен Дина Хамзина «Ла Скала» театры академиясының үздік ұстаздарынан бірнеше оқу курсынан өтіп жатқандардың алғашқылары, олар өздері үшін опера өнерінің жаңа қырын ашады. Әншілер «Астана Операда» қараша айында тұсауы кесілетін Дж. Вердидің «Аида» операсындағы Аида және Амнерис партияларын орындауға әзірленуде.
Опера әншілерінің «ұстаханасы» - «Ла Скала» вокалдық мектебі 1991 жылы ашылған. Бүгінде Академия - бұл оқушыларына театр өнерімен байланысты барлық мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру курсын ұсынады.
Академия оқытумен қатар, кәсіби бағытта мамандандырылған орталық пен кеңес беру және мәдени әріптестік бағдарламасы мен зерттеу бағдарламасын дамыту жөніндегі арнайы департаментті басқарады. Итальяндық дербес ұйым болып саналатын Академияның әріптестік аясында өзге шетелдік мекемелермен бірлесіп жүзеге асырған жобаларының негізінде өздерінің педагогикалық және жаттықтыратын әдістерін жақсарту мақсатында зерттеу жүргізіп келе жатқанына 10 жылдан асты.
"Астана Опера" театрының жетекші солистер мұнда күніне 6 сағат бойы дәрістер алады. Жұпар Ғабдуллина жетілудің жолдары сан қырлы екенін атап өтті. «Әр сабақ алдыңғысынан жақсы болуы керек. Қазір әншілерге қойылатын талап өте жоғары, алайда шыңдалам деген әншіге мүмкіндіктің де мол екенін ұмытпау қажет. Көздеген нәтижемізге жету үшін біз де шетелдің көптеген ұлы әншілері сияқты операның Отаны - «Ла Скалаға» тәжірибе жинауға бара жатырмыз. Біздің театр әлемдік деңгейді көздейді, біз де соған сай болуымыз керек. Осы алатын тәжірибем өте күрделі кейіпкер - Аида партиясын лайықты сомдауға көмектеседі деп үміттенемін. Біз аталған партияның клавирының ерекшелігімен жұмыс жасаймыз, сондай-ақ мәтіндерді пысықтап, ырғақ пен екпінді сәттерді нақтылаймыз. Мен жастайымнан «Ла Скалаға» оқуға барсам деп армандаушы едім, енді міне, сол арманым орындалды сенімді түрде айта аламын», - дейді ойымен бөліскен Жұпар Ғабдуллина.
Опера әншілері «Ла Скала» Академиясында дәріс алу, олардың шығармашылық-вокалдық өмірлерінде жаңа кезеңге айналатынына сенімді.
«Кейде өзіме-өзім театр өнерін жетік меңгеруге талпап қоямын. Осы тұрғыда ұстаздар бізбен егжей-тегжейлі жұмыс жүргізіп, кәсіптік жағынан келемденуімізге, бойымыздағы бар мүмкіндігімізді ашуға көмектеседі деп ойлаймын. Атақты миландық театрдың атмосферасы жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді», - деп толықтырды Дина Хамзина.