Астана орталығында бір тәулік су болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана су арнасы» МКК Ақорда, Министрліктер үйі, «ЭКСПО-2017» аумағы секілді Астана орталығындағы бірқатар нысанда сумен жабдықтаудың уақытша тоқтайтынын хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана су арнасы» МКК хабарлауынша, Б.Момышұлы даңғылы мен М.Төлебаев көшесінің қиылысында орналасқан Д=1000 мм су құбырын кесудің жоспарлы жұмыстарына байланысты, 2016 жылы қарашаның  24-і сағат 00-00 бастап, 2016 жылы  қарашаның 25-і таңғы 9-00 аралығында қаланың бірқатар бөлігінде су беру тоқтайды.

Су беру тоқтайтын аумақтар:

1) Есіл ауданы, Ақорда, Министрліктер үйі, Парламент, Президент істері басқармасы автошаруашылығы;

2) Есіл ауданы, Медициналық кластер, ҚР Президент істері басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, №3 перзентхана, ІІД госпиталі, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, қан орталығы;

3) Есіл ауданы, әуежай;

4) Есіл ауданы, «ЭКСПО-2017» аумағы;

5) Есіл ауданы, Ақорда, Министрліктер үйі;

6) Есіл ауданы, «BI-Village», «Family Village» кешендері;

7) Есіл ауданы, «Саранда», «VIP Саранда» ТК;

8) Есіл ауданы, Сауран көшесі;

9) Есіл ауданы, Сығанақ көшесі;

10) Есіл ауданы, Пригородный кенті;

11) Есіл ауданы, Тельман кенті;

12) Есіл ауданы, Заречный кенті;

13) Есіл ауданы, №16 өрт бөлімшесі;

14) Есіл ауданы, Түркістан көшесі;

15) Есіл ауданы, Керей мен Жәнібек хандар көшесі;

16) Алматы ауданы, Өндірістік ауылы;

17) Алматы ауданы, Железнодорожный ауылы;

18) Алматы ауданы, №1 қалалық аурухана;

19) Алматы ауданы, №2 қалалық аурухана;

Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарын қосқанда Есіл ауданының қалған бөлігінде су құбыры қысымының төмендеуі мүмкін.