Астана орталығында көлік жанып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада көлік қозғалтқышы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Кеше кешке Республика даңғылы бойындағы жерасты жолында  жеңіл автокөліктің қозғалқышы мен салоны жанып кетті. Жалынды сөндіруге ТЖ 11 қызметкері мен екі техникасы қатысты. Өрттен зардап шеккендер жоқ»,- деді Руслан Иманқұлов.

Оқиғаның себептері анықталуда.