Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген еліміздің көліктік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша Астана мен Өскемен қалаларын байланыстыратын төрт жолақты цемент-бетондық жабынды магистраль салуды бастау жөнінде шешім қабылданды.
Құрылыс жұмыстары осы жылы Астанада және Павлодарда бір уақытта басталады.
Қазіргі заманға сай жол құрылысы барысында облыс орталығынан оңтүстік-батыс айналма жолын салу қарастырылған, Ертіс өзені арқылы Павлодар мен Ақсуды қосатын көпір тұрғызылады.