Елордалық «Астана» футбол командасы 18,292,000 еуроға жуық табыс тапты. Бұл қаржының 2 миллионын клуб турнирдің топтық кезеңіне қатысқаны үшін, сондай-ақ тағы 2 миллионды плей-офф раундындағы ойыны үшін алды.
Клубтың қоржыны сондай-ақ Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарына қатысқаны үшін берілген 1 миллион еуромен толықты. Қалған ақшалар - 12 миллион топтық кезеңге өткені үшін бонус болса, 1, 292,000 еуро - маркетингілік пул.