Бүгін Ерейментау ауданында Астана – Павлодар автожолының Қарағайлы ауылы маңында жеңіл автокөлік өртенді.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен аумағы анықталып жатыр.
Айта кетелік Ақмола облысында жүк локомотиві өртенген еді.