Аптап ыстыққа байланысты температуралық деформациялардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Жол қызметтері бетон плиталарының көтерілуіне және жолда қауіпті жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін алдын ала профилактикалық шаралар қабылдап жатыр.
Бүгін, 28 маусымда Астана – Павлодар бағыты бойынша 413-шақырымда жүргізілген тексеру барысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облыстық филиалының мамандары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет ететін учаскені анықтағанын мәлім етті.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскеде уақытша жол белгілері орнатылды. Осыдан кейін жол қызметтері жөндеу жұмыстарына кірісті. Жөндеу аясында жабынды демонтаждау, қиыршықтас негізін төсеу және асфальтбетон қоспасын салу жұмыстары орындалып жатыр.
Жұмысқа мамандар мен арнайы техника жұмылдырылды. Бұған дейін де осы бағытта бетон плиталарындағы ішкі кернеуді төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде компенсациялық жіктерді кесу және жергілікті жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Астанада тағы бір көше уақытша жабылатынын жазған болатынбыз.