Целиноград ауданы ТЖБ күшімен (5 адам және 1 бірілік техника) автобус жолаушылары Астанаға қаласына дейін жолшыбай автобусқа отырғызылып, аттандырылды. Зардап шеккендер жоқ. Ал «Астана-Шідерті» автожолының 118-ші шақырымында автобус сынып қалуы салдарынан 50 жолаушы жолда қалды.
Ерейментау ТЖБ күшімен (2 адам және 1 бірлік техника) жолаушылар көшіріліп, жол бойындағы дәмханаға орналастырылды. Астана қаласынан автобус келіп жетіп, жолаушылар одан әрі жол тартты. Зардап шеккендер жоқ.
«Астана-Павлодар» автожолының 155-ші шақырымында 30 жолаушы (соның ішінде 20 бала бар) мінген шағынавтобус сынып жолда қалды. Ерейментау ауданы ТЖБ күшімен жолаушылар жолшыбай автобусқа отырғызылып, Павлодар қаласына аттандырылды. Зардап шеккендер жоқ.