«Астана-Павлодар» бағыты бойынша қосымша жолаушылар пойызы сапарға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Павлодар» бағыты бойынша қосымша №100/99 жолаушылар пойызының сапарға шығатынын хабарлады.

Жүрдек пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған және Астанадан 2015 жылдың 16, 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан күндері, ал Павлодардан 2015 жылдың 17, 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан күндері аттанады. Сонымен қатар, 2015 жылдың 14 желтоқсанынан бастап «Астана-Ақтөбе» бағыты бойынша №88/87 жүрдек пойызы күн сайын жүретін болды.