«Түнде 12-де жол қызметтері мен мердігерлік ұйым күштері жолды ашты. Су деңгейі әзірге түсе қойған жоқ», - деді баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, нөсер жауын салдарынан Ерейментау ауданында Өлеңті өзенінің арнасында су деңгейі көтерілген. Салдарынан республикалық маңызы бар Астана-Ерейментау-Шідерті жолының 205-ші шақырымындағы айналма жолды су шайып кетті. Негізгі жолдағы көпір жол жөндеуге байланысты бұзылған.
Көлік кептелісін болдырмау үшін жол жабылған болатын. Астана мен Павлодар қатынасы Қарағанды арқылы жүзеге асты.