Астана-Павлодар тас жолы жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана-Павлодар тас жолы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА Төтенше жағдайлар департаментіне сілтемемен.

«14.01.2018ж. сағат 23:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (жел, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) "Астана-Павлодар" автожолында  автокөліктердің барлық түрлеріне қозғалыс тоқтатылды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.