«Астана-Павлодар» тас жолының бойында 2 жүк көлігі соқтығысып, екі адам ажал құшты
11:31, 02 Қараша 2015
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Астана-Павлодар» тас жолының бойында 2 жүк көлігі соқтығысып екі адам ажал құшты.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Жол апаты 31-ші қазан күні таңғы уақыт 07:33 минут шамасында «Астана-Павлодар» тас жолының 35-шақырымында орын алған. Бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан екі «Шахман» жүк көлігі соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан аталған көліктерді тізгіндеген 1966 және 1976 жылғы екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды», - деп көрсетілген хабарламада.