«Қозғалыстың қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады. Жаңалықтарды Астана LRT компаниясының әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ alrt.kz сайтынан оқи аласыздар», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұдан бұрын Астана-Қарағанды тасжолының жабылғаны хабарланған еді. №315, 316 қала сыртына қатынайтын маршруттар қозғалысы уақытша тоқтатылды.
17:47, 18 Ақпан 2019
Астана-Павлодар тасжолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Астана-Павлодар тасжолы жабылды. Осы жол арқылы қатынайтын №317 автобус бағдарының қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.