Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.
«Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Эльмира Темірғалиева.
Өңірлік ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай «Астана-Павлодар» автобаны құрылысы учаскесінде орын алған. Жалын сегіз шаршы метрді шарпыған.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна мен мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан төрт адам жұмылдырылды», - деді ведомство қызметкері Марал Сағынаева.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.