«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс аумағында «Астана-Павлодар» республикалық жолының құрылысы жүргізіліп жатыр. Салынған қаражат көлемі 60 млрд теңгеге жуықтайды. Жылдың соңына дейін 180 шақырым автомобиль жолы жөнделетін болады», - деді Болат Бақауов.
Сонымен қатар өңір басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында шағын қалаларда инженерлік инфрақұрылым нысандарын жаңғыртуға 1,3 млрд теңге бөлініп, жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Жалпы 17 шақырымнан астам инженерелік желі салынып, қайта жөнделетін болады. Бас сорғы станса жаңғыртылады. Оған соңғы 40 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді», - деді облыс әкімі.