Астана-Павлодар жолының жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын бағдар қозғалысы тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Павлодар тас жолының жабылуына байланысты № 317 қала маңына қатынайтын бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қозғалысты қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.

Сондай-ақ, 4 наурызда 23.40-тан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) «Астана - Павлодар облысының шекарасы» учаскесінде «Астана - Ерейментау -Шідерті» км 16-205 шақырымының тас жолдары қөғамдық және жүк автокөлік түрлеріне жабық.