Астана павлодарлық суретшілердің туындыларына арқау болып отыр
09:16, 24 Маусым 2010
ПАВЛОДАР. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Астана тұрғындары маусымның 26-сы күні Суретшілер одағының көрме залынан он павлодарлық суретшінің туындыларын тамашалайтын болады,
деп хабарлайды павлодар суретшілер мұражайының қызметкерлері.
Шығармалар топтамасында Астана көшелері мен алаңдарының көріністері бейнеленген.
Жерлестерінің қорытынды жұмыстарымен павлодарлықтар шілденің 13-і күні Павлодар облыстық суретшілер көрмесінде таныса алады.