Астана қалалық бiлiм беру басқармасының жетекшiсi Эльмира Суханбердиева атап өткендей, биылғы тамыз конференциясы «Бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыттау» атты тақырыпта өтіп жатыр. Айта кетейiк, Астана қаласында әртүрлi типтегi 181 мектепге дейiнгi бiлiм беру мекемесi мен 88 жалпы орта бiлiм беретiн мектеп бар. Жаңа оқу жылында Астана қаласында 3600 орынға арналған үш жаңа мектеп ашылады. Жаңадан ашылатын мектептiң бiрi Есiл ауданында, Орынбор көшесi, 22/1 мекен жайы бойынша орналасқан. Бұл мектепте 1200 бала бiлiм алады. Тағы 1200 орынға арналған бiр мектеп Комсомол тұрғын үй алабының аумағында, 1200 баланы бiлiммен қамтитын үшiншi жаңа мектеп «Батығай» тұрғын үй алабында салынған.
11:32, 20 Тамыз 2015
Астана педагогтарының тамыз конференциясы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қала басшысы Әдiлбек Жақсыбековтiң қатысуымен елордадағы бiлiм беру қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi басталды.