«Астана қаласы бойынша әйелдерге жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңде және жаңа туған нәрестелерге стационарлық медициналық көмек 550 төсектік кереуеттік қуаты бар үшінші деңгейдегі үш босандыру ұйымының тиісті құрылымдық бөлімшелері көмек көрсетеді. Елдің басты қаласы мәртебесін алғаннан бері елордада 130 төсек-орынға арналған бір ғана перинаталдық орталық салынды, ол 2009 жылы пайдалануға берілді. Астана қаласы халқының өсуіне байланысты перинаталдық орталықтардың төсек қоры нақты алаңды ұлғайтпай, нығыздау жолымен кезең-кезеңімен 335-тен 550 төсекке дейін (39%-ға) кеңейтілді. Сонымен қатар акушерлік кереуеттер 68% шамадан тыс жүктелгені байқалады», - деп мәселе көтерілген кешенді жоспарда.
Жүктемені азайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі бас шаһардағы Абылай хан даңғылы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында перинаталдық орталық салуды жоспарлап отыр.