АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін "Астана-Петропавл" тас жолының 324-шақырымында "Volkswagen-Venta" жеңіл автокөлігі мен "Камаз-6511" жүк көлігі соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.
Жол апаты Зеренді ауданының Алексеевка селосының маңында орын алған. "Volkswagen-Venta" жеңіл автокөлігі мен "Камаз-6511" жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан "Volkswagen-Venta"көлігінің жүргізушісі 1966 жылғы К.Алдыков пен көлік ішінде отырған 1970 жылғы Г.Алдыкова оқиға орнында көз жұмды. Ал 2010 жылы туған қыз бала бас сүйегінің жабық жарақаты, миы шайқалған деген диагнозбен Ақмола облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.