КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана-Петропавл тас жолында жол апаты болып, 37 жастағы мотоциклші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиға бүгін түс кезінде «Астана-Петропавл» тас жолының 261 шақырымында тіркелген.
«Шахтинск қаласының 1981 жылғы тұрғыны «Ковасаки» мотоциклінің руліне ие бола алмай жол ортасын бөліп тұрған қоршауға барып соғылған. Ол апаттан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде», деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.