Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Онда көліктің толығымен отқа оранғанын көруге болады. Желі қолданушылары апат салдарынан қаза тапқандар бар болуы мүмкін екенін жазған.
Полиция бұл жол апатына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жүр. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар, олардың жеке басы анықталып жатыр.
— Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.
Полиция сонымен қатар азаматтарды тексерілмеген ақпарат таратпауға және тергеудің ресми нәтижесін күтуге үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысындағы Алматы-Өскемен тасжолының 171-шақырымында жол апаты болған еді. Екі Toyota Camry көліктері соқтығысып, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, жеті адам жарақат алғанын хабарлағанбыз.