Бүгін сағат 02:10-да Ақмола облысында Астана-Петропавл тасжолының 175-ші шақырымында «Мерседес» жолаушы автобусы және «ГАЗ» жүк автокөлігі соқтығысты, оның салдарынын жүк автокөлігі өртенді.
Төтенше оқиға салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, автобустың 4 жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Өртті жоюға ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамның 7 адамы және 2 бірлік техникасы; ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығы» мемлекеттік мекемесінің 3 адамы және 1 бірлік техникасы тартылды.