«Биылғы жылдың басты жаңалығы - барлық ниет танытқан адамдар «Astana Piano Passion» жас пианисшілер байқауының қатысушыларына байқаудың арнайы сайты арқылы онлайн режімде дауыс бере алады. Бұл шара бүгін басталды. Ең көп дауыс жинаған пианст «көрермен көзайымы» сыйлығын иеленеді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, балалардың өнерлерін байқаудың арнайы сайты арқылы тамашалауға болады. Мәселен, өткен жылы осы сайт арқылы 3 құрлықтың 100 мыңнан астам адамы байқауға куә болды. Биыл ғаламтор арқылы тамашалаушылардың саны арта түсетіндігі сөзсіз.
«16 мамырға дейін созылатын "Astana Piano Passion" ІІ халықаралық байқауы аясында елордада Ресей халық әртісі Денис Мацуев, РФ Президенті жанындағы мәдениет және өнер жөніндегі кеңестің мүшесі Екатерина Мечетинаның концерттері ұйымдастырылып, Сеулдегі Ұлттық университеттің профессоры Хюнг-Джун Чанг, Париж консерваториясының ұстазы Мишель Берофф тегін шеберлік сыныптарын өткізетін болады», - деді Б.Мажағұлов.