Жас пианистің жеке концерті 2014 жылдың 10 және 16 мамыры аралығында, яғни «Astana Piano Passion» екінші халықаралық классикалық музыка фестивалі кезінде өтеді. Шараның ашылу салтанатына сондай-ақ өткен жылғы конкурстың ең жас жүлдегерлері Варвара Кутузова (Ресей), Шуан Эрн Ли (Австралия) мен Санжарәлі Көпбаев (Қазақстан) шақырылған.
Өнер бәсекесін ұйымдастыру комитеті саз әлемінің айтулы додасына биыл 10 мыңнан кем емес көрермен жиналады, деген үмітте. Конкурс сайтында жас өнерпаздар мен байқау қонақтарының сахнада көрсеткен өнерлерінен онлайн-трансляция жүргізілмек. Ал, оған қатысуға құлшыныс білдірушілердің өтініштері 2014 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.