Astana Piano Passion байқауының жеңімпаздары Ресейде музыкалық фестивальға қатысуда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Piano Passion байқауының жеңімпаздары румыниялық Кадмиель Ботак Александру және жапондық Шио Окуи Иркутскіде «Звезды на Байкале» халықаралық музыка фестиваліне қатысуда, деп хабарлады /astana.gov.kz.

Бүгін Кадмиель Ботак Губенаторлық симфониялық оркестрмен, Денис Мацуевпен және басқа да ресейлік танымал музыканттармен бірге бір сахна төрінде өнер көрсетеді. Ол бір ай бұрын Францияда өткен «Annecy Classic» фестиваліне қатысқан болатын. Бұл - жас пианистер үшін мол тәжірибе жинау мүмкіндігі.

Кіші топта жеңімпаз атанған он жасар Санжарәлі Көпбаев Ресейде өтетін «Crescendo» жыл сайынғы фестиваліне дайындық үстінде.

Ал Астанада "Astana Piano Passion" ІІІ халықаралық жас пианистер байқауына дайындық жұмыстары басталды. 2015 жылы көктемде барша әлемнің дарынды балалары тағы да Астанада бас қосады. Байқаудың ұйымдастыру комитеті қазақстандық жас пианистердің ата-аналарын балаларға қазірден бастап жан-жақты қолдау көрсетуге шақырады.