Өтінімдердің көбі Қазақстан, Ресей, Қытай, Украина, Өзбекстан, Австралия, Сербия, Албания және Вьетнам елдерінен келіп түсті, деп хабарлайды Ұйымдастыру комитетінен.
Байқаудың ең жас қатысушысы - Астана қаласынан Шыңғыс Балапанов. Ол осыдан бір ай бұрын 6 жасқа толды. Шыңғыстың "Виртуозы" жеке музыкалық мектебінде музыкамен айналысып жатқанына 2 жылдың көлемі болды.
«Astana Piano Passion» Екінші байқауы географиялық кеңділігі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Өтінімдер Солтүстік Америка, Еуразия және Австралия елдерінен де келіп түсті. Яғни, бұл жас пианистер байқауы, байқауды ұйымдастырушылардың алдына қойған негізгі мақсаттарды сәтті орындайды, яғни халықаралық серіктестікті орнатып, әлемнің түрлі елдерінің фортепианолық мектептері әдістемелерімен алмасуға мүмкіндік береді.
Іріктеу кезеңінің әрбір қатысушысы Ұйымдастыру комитетіне орындаған үш шығармасының бейнежазбасын жіберді. Қазылар алқасын алда бас аяғы 50 сағатқа созылатын бейнежазбаларды зерттеп білу күтіп тұр. Сонымен бірге байқаудың жартылай финалына 30 бала ғана өтпек. Қазірдің өзінде қазылар алқасына таңдау жасау оңайға соқпайтыны белгілі, өйткені балалардың көбі - керемет ойыншылар.
Байқаудың жартылай финалына өтетін балалардың есімі бір аптадан соң, яғни 2014 жылдың 1 сәуірінде белгілі болмақ. Бұл балалар 2014 жылы 10-16 мамыр аралығында Астана қаласында классикалық музыка фестивалі аясында өтетін «Astana Piano Passion» байқауының жартылай және финалына қатысуға келетін болады.
Байқаудың жүлде қоры 60.000$ құрайды.
Әрбір жасаралық санаттарға оқуға гранттар, арнайы және ынталандыру сыйлықтары ұсынылуы мүмкін.